Талап Таймасұлы — өлеңдері, өмірбаяны және толық шығармалар жинағы

Талап Таймасұлы өлеңдері, әдеби туындылары және автор туралы мәліметтер осы бетте топтастырылған.

Бұл беттен Талап Таймасұлы жарияланған өлеңдерін оқып, басқа бөлімдеріне өтіп, ішкі сілтемелер арқылы қосымша материалдарды таба аласыз.

Автор туралы

Ақын Талап Таймасұлы — 1965 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Мұхит (бұрынғы Саралжын) ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 2002 жылы облыста тұңғыш рет «Ақберен» жас ақындар мектебін ашқан.

2003 жылдан Батыс Қазақстан гуманитарлық Академиясының қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы. «Әдебиет сабақтарында жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын ұштастыра, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу», «Әдебиет сабақтарында көрнекіліктерді тиімді пайдалану» сияқты көмекші әдістемелік құралдары, ежелгі дәуір әдебиеті, халық ауыз әдебиеті, абайтану жұмыстары бойынша жинақтары және «Өмір бұлақ», «Ақиқат айнасы» атты өлеңдер топтамасы жарыққа шықты.