Төлдер

Бұл бетте «Төлдер» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ботақан – түйенің баласы,
Көздері мөп-мөлдір қарашы.
Жылқының баласы – құлыншақ,
Кекілі секілді тұлымшақ.
Бұзау ғой сиырдың тұқымы,
Томпайған мүйіздің тұқылы.
Қошақан – қойдың бұл қоңыры,
Төлдердің ішінде момыны.
Ешкінің еркесі – лағы,
Сүйкімді қалқиған құлағы.
Барлығы төрт түлік құнары,
Санашы қанша төл шығады?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері