Отан
Бұл бетте «Отан» атты Талап Таймасұлы жазған отан туралы өлең берілген.
Отан ана тербеткен
Ұл мен қызы бесігін.
Ұландары ер жеткен,
Ардақ тұтып есімін!
Қымбат тасы, тауы да,
Өзен, көлі, орманы...
Ата-бабам жауына
Жеңіс бермей,
Қорғады.
Ұланғайыр даласы –
Батырлардың мекені.
Парызын әр баласы
Адалдықпен өтеді.
Қазақ Елі – бақ маған,
Тірлігімнің тірегі!
Қайда жүрсем, мақтанам
Отаныммен үнемі.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі