Күзгі этют

Бұл бетте «Күзгі этют» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тағы да күз келді, айнала
сарғайған,
Күрең жел сипайды, жәй ғана
маңдайдан.
Түрленген жапырақ сыбдыры құлаққа,
Салады бір әуен дыбысын
шалғайдан.

Кеудеге ұиалап сағыныш
толады,
Оралмас шақтардай мүк басқан
жол әні.
Үзілген жапырақ үзілген үміттей,
Терегін қимаған, жерге кеп
қонады.

Жапырақ жылайды соңғы рет
шық тұрып,
Өткінші ғұмырдың болмысын
ұқтырып.
Бір тамшы сіңірген бойына қуатын,
Ол, бәлкім, оралған ақырғы
шықты үміт.

Тағы да күз келді, ағаштар
шешінген,
Тазарған жандардай өткенін
кешірген.
Құстардың тізбегін қарасұр бұлт жұтып,
Шарасыз қимасың шыққандай
есіңнен.

Көкшалғын көктемнен, жаздан да
түс кетті,
Сырғыған бұл өмір секілді
құс лекті.
Сары күз, қоңыр күз, қара күз қас қағым –
Адамның боиалған ғұмыры
іспетті!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері