Күзгі бейне
Бұл бетте «Күзгі бейне» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлқынғандай күрең сәт
күзгі демі,
Күздің сырын жұтылар
күз біледі.
Қара талға жабысқан ақ ұлпа да,
Мендік аппақ сезімдей
үздігеді.
Әр бұтағы қарағай
сырғаланған,
Нұрлы сәуле шашқандай
сыр ғаламнан.
Қос жанарым секілді тура менің,
Кірпігіме шық тұрған
шырғалаңнан.
Қара терек ақ ұлпа
жамылыпты,
Құшағына ақ мамық
малыныпты.
Боз қыраудан бойына жылу алған,
Менен гөрі теректің
бағы мықты.
Жан сезімін табиғат
күз ұқтырып,
Үнсіз ғана тұрғаны
қызықтырып.
Менің, бәлкім, осындай табиғатым,
Көрсетпейтін шыдамды
бұзық қылық.
Аппақ, аппақ…айнала
аппақ бәрі,
Ыстық сезім қуаты
қатқақтағы.
Күзбен бірге күрсініп жүретұғын,
Мендік жүрек бейнесі
тақпақтағы.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі