Бұл бетте «Таң бұлбұлы» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаралдың ба
Арман үшін,
Таң алдыңда
Самғау үшін,
Жан-жүректі
Елжіретіп,
Барады ерітіп,
Бал дауысың,
Сайра, құсым,
Сайра, құсым!
Кең даланың
Сәнімісің,
Ел-ананың
Бағымысың,
Аялаған
Сәнімісің,
Тамылжытып
Таулар ішін,
Сайра, құсым,
Сайра, құсым!
Туған жердің
Гүл-бағында,
Қырларында,
Шыңдарында,
Жасыл орман
Науларында,
Қалықтасын
Бал дауысың,
Сайра, құсым,
Сайра, құсым!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі