Жайнатты жерімді

Бұл бетте «Жайнатты жерімді» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көз алмай қараймын
Қыраттан!
Құлпырып,
Көз тартып —
Гүл атқан!
О, неткен сұлу ең табиғат,
Үлкен де,
Кіші де —
Ұнатқан!

Ақ,
Сары,
Қызыл гүл жарасып,
Сұлулық біткенмен таласып.
Балалар шуласып,
Дауласып,
Кетеді гүл теріп —
Қырды асып.

Аспаннан күн төгіп шұғыла
Бақытты ұлыма!
Қызыма!
Жайнатты,
Жасартты жерімді —
Өң беріп ерекше қырыма!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері