Алатау көктемі
Бұл бетте «Алатау көктемі» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 30.09.2024
- 0
- 0
- 1003
Ақ жаңбыр жұпар шашты тауға бүгін,
Бастады әнші құстар бауда жырын.
Көңілді елжіретіп келді көктем,
Сен де бір көктем болып жайна, құрбым.
Қайырмасы:
Сайра, бұлбұл,
Жайна гүл-гүл,
Жасыл бағым – жаннатым,
Сенсің жырым,
Сенсің әнім,
Асыл ару – Алматым.
Лебіндей жас сұлудың діріл қаққан
Келеді көктем иісі гүлді бақтан.
Бір саған еркелейді ерке бұлақ,
Үстімен көк шалғынның сырғып аққан.
Қайырмасы:
Келді ғой жұпар аңқып жалынды шақ,
Тербетер тал – бойыңды балғын құшақ.
Көктемнің құшағында тұр Алатау
Оранған ақ сәулеге ару құсап.
Қайырмасы:
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі