Біздің ауыл

Бұл бетте «Біздің ауыл» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Біздің ауыл көктемде
Көл жағалай қонатын.
Айдын шалқар,
Айдын шалқар көк көлге
Аққу-қаздар толатын.
Құлын-тайлар кісінеп
Қосылатын шұрқырап.
Көк шалғынның,
Көк шалғынның ішінен,
Ауыл иісі бұрқырап.
А...
Көк шалғынның,
Көкшалғынның ішінен,
Ауыл иісі бұрқырап.
2. Қатар-қатар тізіліп,
Ақбоз үйлер тұратын,
Ақбоз үйден,
Ақбоз үйден сызылып,
Аққу-қыздар шығатын.
Ауыл иісін сағынып,
Жаутаңдаймын далама.
Қайран сол бір,
Қайран сол бір ауылым,
Арман болып қала ма?
А...
Қайран сол бір,
Қайран сол бір ауылым,
Арман болып қала ма?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері