Кремльде
Бұл бетте «Кремльде» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Партсъезд делегаттар Кремльде,
Шаттығы бәрінің де тұр өңінде.
Әкелді партияға
халықтардың
Алғысын орап алып жүрегіне.
Жалындап қарт көңілі, жастар жаны,
Сан мың ой самғай ұшып, аспандады.
Сол сәтте ой көзіне елестеді,
Алдағы жеңістердің асқарлары.
Тың хабар, жаңа лебіз қалықтады –
Эфирде шартарапқа шарықтады…
Халқымның бақытындай,
жауып өтті.
Осы шақ февральдің мамық қары.
15 февраль 1957 жыл
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі