Ақтығыңды асыққын білдіруге – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Ақтығыңды асыққын білдіруге» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2492
Қор болмаспын қорғаныш-құдайым барда,
Тартпашы енді тәңірім, лайыңды алға.
Күнәмді кешір білген де, білмеген де,
Бір өзіңнен бір медет сұрайын да Алла.

Жаратқанның мен сенем хақтығына,
Күнәдан пәк қылаусыз ақтығына.
Мұсылмандық бес парыз міндет бізге,
Оны орындау әркімге басты мұрат.

Бұл өмірден қайтемін барымды аяп,
Қу тіршілік қамшының сабындай-ақ.
Салауатты біз өмір сүрсек екен,
Жат әдетке қайтадан салынбай-ақ.

Құлдық етіп Аллаға тірлігіңде,
Ақтығыңды асыққын білдіруге.
Сынаптайын сусып бір өте шығар,
Кетпесдейін көрінген бұл күнің де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтығыңды асыққын білдіруге өлеңінің авторы кім?

Гүлсана Тілеубекова — осы өлеңнің авторы.

Ақтығыңды асыққын білдіруге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтығыңды асыққын білдіруге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлсана Тілеубекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтығыңды асыққын білдіруге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері