Ұя бұзған ұтылады – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұя бұзған ұтылады» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Етектен бірін-бірі басқан қауым,
Айтпайсың не екенін ашып дауын.
Бәрібір ел біледі, таластарың —
Әрқайсың өз тобыңмен шығар тауың.
Сендердің шеккен бұдан зияның жоқ,
Болған соң — «ай» дер ажа тиярың жоқ.
Іс ақсап, шыбындар жүр босқа сорлап,
Ойланар кезің жетті-ау, зиялы топ!
Үлгі ме жеңіп алу жігіт бағы,
Таразы болмас па бір істің ағы.
Біз демей, мен дей берсең,
нар жолында
Жүк қалып,
сынады ғой халық сананы
Қай жаққа бұрмақсыңдар қауым көшін?
Айтамын мәймөңкелеп, жауып несін!
«Көш келіп Қаратаудан, тұлпар бос кеп»
Жатқандай шығардыңдар көптің есін.
Әсте де олай емес, құр бос егес,
Биік деп таласқаның жәй бір дөңес.
Алмайсың біле тұра қаперіңе,
Бағынды көтеретін ол ғана емес.
Жоқтай бір еліңе өзге пайдалы ісің,
Дау еттің ширек ғасыр,
қай намысың
Қалып еді аяқ асты, қыран болып
Шолатын бауырларым, қайда алысың?
Бабалар ойлантпас па өсиеті,
Ісінде шын азамат қасиеті!
Алыптар тобы қайда?
Тағдыры оның
Болмап па еді, халқымыздың қасіреті!
Кеп жүр ме сол тағдырды қайталағың?
Қайсыңа жетпей жатыр бай танабың?
Береке — бірлік түбі,
ұя бұзған
Ұтылады,
жөн бауырлар байқағаның.
Ісіңе дос табалап, дұшпан күлед,
Халықтан әрі бұйрық, әрі тілек:
Татулас қамшыларыңды ауыстырып,
Жаңарып,
жарқырап шық,
қайта түлеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұя бұзған ұтылады өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұя бұзған ұтылады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұя бұзған ұтылады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұя бұзған ұтылады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері