Алғадай туралы әрбір ой – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Алғадай туралы әрбір ой» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 8
  • 41225
I
Түне күнгі кеткеннен
Ғали жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол-жөнекей көрдің бе?
Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйқта дедің бе?
—Қалай қыйып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?
Елжірейді өзегім,
Ауырады белім де...
Қаза болып көзелім,
Халім қыйын менің де.
II
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сары-Арқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба?
Өлім деген у екен,
Мендей кәріп адамға.
Күнде үйімде күңренем
Көзіме жас алам да.
III
Құр сүлдерім, есім жоқ,
Жүріп тұрған десім жоқ.
Деп қараймын сәбиге:
«Игіліктің кеші жоқ!»
Бала қалды жетім боп,
Келін қалды жесір боп,
Біздей кәріп кісіге
Көз салыңдар есіркеп.
IV
Темір өзек пенде жоқ,
Өлмес адам елде жоқ,
«Орынсыз деп өлімі»,
Ондай ойлау менде жоқ.
Көп жайланған жабының
Жал-құйрығы сұйылар...
Сол сыяқты Жамбылдың,
Жұқарыңқы түрі бар.
Көңілі бос — кәрінің,
Көкейлерің ұғынар,
Көтермей жан жалынын,
Көзден жасы құйылар.


Пікірлер (8)

Диана

Өте керемет өлең

Диана

Менин пикирим Жанбыл Жабаев оте керемет акын,жырау,жыршы маган осы оленниде унады оте керемет.

айжан

өте керемет

ДАРЫН

Өте жақсы100%

айнур

керемет

Санжар

Өте керемет, бірақ кейбір сөздері өте қиын, сабақта жаттауға беруге ұсынбайбын

Айзере

Мәнерлеп оқу сайысына ????????

Сұлтанбек Раяна

салқын келіп тоң-торыс

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғадай туралы әрбір ой өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Алғадай туралы әрбір ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғадай туралы әрбір ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғадай туралы әрбір ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері