Өлең, жыр, ақындар

Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1323
Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар,
Ақшамдай іңіріме жалғандыңдар.
Мехнаты жарық боп жанған жылдар,
Махаббаты қарық боп қалған жылдар.
Жылдар, жылдар...
Артымда, алдымда жыл,
Ширек сапар шиырлап қалдым қазір.
Шабандарға бұйрық іс – бүлкіл аяң,
Жараулардың жүйрігі алдымда жүр.
Көрер жарық жыл болып жетеледі,
Нелер налып, намысым от өреді.
Жолдарымның жап-жақын төтелері
Арман дейтін аруға некеледі.
Жүргем жолды өрде де, ылдида да,
Күндер болды малтыққан, құлдилаған.
Жалғыз ауыз жыр болып қалар ма екен
Жаһұт дүнием мен талай жыл жинаған?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері