Бұл бетте «Көкек қары» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қар ма бұл көктемдегі қылаулаған?
Барады қозғау салып мынау маған.
Бұл өмір ұқсап кетті қарлы шыңға,
Басында будақ бұлттар мың аунаған.
Шынымен бұрқап тұрған қар ма мынау?
Табиғат, тағы да бір алдадың-ау!
Мезгілсіз, жарықтығым, несін жаудың,
Бәрібір орындалмас арманың-ау!..
Күні өтсе не нәрседе қадір қалмас,
Қара жер қазір саған орын болмас.
Керегі дүниенің сен емессің,
Қымсына ұсынғанмен қолыңды алмас.
Жаныма ыстық сезім тастадың да,
Лып етіп еріп кеттің қас қағымда.
Айналып күз келгенше сағындырып,
Жақсы еді-ау тоса тұрсаң аспаныңда...
1980
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі