Севан – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Севан» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 951
Бір қанып ішіп, суына түсіп көрмей біз,
Аузымыз жеңіл, тоспа да болса, көл дейміз.
Мойылдай дейміз, моншақтай дейміз, мең дейміз,
Біз де бір аққу, айдынды көлге шөлдейміз.
Қайсыбір көлдер бетінде барлық ашуы,
Қайсыбір көлдер шымырлап түбі тасыды.
Ал туласын-ақ, толқынның бәрі бір ме екен,
Жылымы да бар, жуасы да бар, жасығы.
Қайсыбір көлдер құлазып қырда қалғыған,
Қайсыбір көлдер құйын түртсе де салды ұран.
Қайсыбір көлдер жазықта жатыр,
Севанға
Арарат абай, Арарат қамқор тау бұған.
Қарауылы боп қаншама ғасыр күзеткен,
Севанның көлін кемемен
жүзіп біз өткен.
Қалғымайтын тау мұз болып қатып қалыпты
Табанынан да, арқасынан да сыз өткен.
Шөлдер де келген айлап та жылдап, аптаған,
Жаулар да келген тасына дейін таптаған.
Армян халқы қарашығындай көзінің,
Севанды бірақ шайқамай, төкпей сақтаған.
Құр атқа мінген адамдай болып бой бүгін,
Севанға жүзіп құрдық-ау серуен, беу, бүгін!
...Он ғасыр көрсін, жүз ғасыр көрсін, бұл көлдің
Суынан таза, суынан жаспын деу қиын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Севан өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Севан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Севан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Севан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері