Он бестен он алтыға жеткен кезім

Бұл бетте «Он бестен он алтыға жеткен кезім» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1168
Он бестен он алтыға жеткен кезім,
Өндірдей өлкем де өзім, көктем де өзім.
Жүйткіген жүйрік сезім – өкпек желім,
Масаты мақпал майса, көк пен жерім!
Мен – көктем, мезгіл – көктем, маңай – көктем,
Күн шығып көк өзектен арай төккен.
Жасамыс жиде, талдың жапырағы
Жасарды талай қурап, талай кепкен.
Сағымды көкжиекке дала күрмеп,
Жапырақ жанданады самал үрлеп.
Жапырақ шайқалғанда, саусағымен
Шертеді шабытымның шанағын кеп.
Кеудемнің табиғатқа қосқан әні,
Сар желіп, шаужайына қосшы алады.
Күй-дүние, күйтті көңіл дос болады,
Көктем боп көктем өмір басталады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он бестен он алтыға жеткен кезім өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Он бестен он алтыға жеткен кезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он бестен он алтыға жеткен кезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он бестен он алтыға жеткен кезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері