Дулат

Бұл бетте «Дулат» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1134
Армысың, Дулат Бабатайұлы!
Арыстан жүрек дала шайыры.
Сыймас қалыпқа сендей алыпқа
Мекен болып па қала, тәйірі?!
Даладан мынау кернеген ән­күй,
Садаға кетсін сарай мен сәнді үй.
Шамына тисек, кешірсін бізді
Фирдоуси, Жәми, Низами, Сағди.
Білемей ақын азуын Айға,
Пенденің жетпес назы құдайға.
Бөріде қайрат, айбат болмаса,
Бөлтірігінің азығы қайда?
Уа, шамырқанба, даланың ұлы,
Ұйқыңды бұзса қала дүбірі.
Ұлтыңның қайғы­қасіретін жырлап,
Рухыңның сөнбей жанады нұры.
Күңірене ме екен қарадай кісі,
Батпаса жанға дала қайғысы?
Төңкерді таудай тауқымет тасын,
Сендегі жырдың Толағай күші.
Жеріңде шайтан, жын аунағасын,
Ғарышқа шырқап шығандағасың.
Құндақтай көрде қалайша жатыр,
Көне алмай кеткен бұғауға басың?
Қиядан тайып атан құлаған,
Қиямет өтті ботаң жылаған.
Түсіме кірсең ғайыптан келіп,
Беріп кет, баба, батаңды маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дулат өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Дулат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дулат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дулат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері