Қарабай-ау, Қарабай! – Өтебай Тұрманжанов

Бұл бетте «Қарабай-ау, Қарабай!» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5710
Қарабай-ау, Қарабай!
Шаш қойыпсың тарамай.
Өсіріпсің қарамай,
Басың болды шарадай!
Басты баптап күтпесең,
Жүрмесін іске жарамай!
Тазалық керек басқа да,
Тазалық керек шашқа да,
Тазалық керек асқа да.
Шашы ұзын, таза, келісті,
Болсаңшы анау сорадай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері