Бұл бетте «Тас бұлақ» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
22.07.2018
0
0
2841
Тау қойнауын қақ жарып
Сарқырап ақ қан тас бұлақ
Суыңды жұтпай бір қанып,
Қалайша тұрар жан шыдап!
Ернеуіңнен үңілдім,
Сұқтана бір көз тастап.
Кіршіксіз таза суыңның
Аққанын көрдім ойқастап.
Құлаған құздан толқының
Кенеттен тоқтай қалыпты.
Сәні боп адам көркінің
Жаңа арнамен ағыпты.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі