Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген

Бұл бетте «Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 836
«Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген»,
Сөзі шығар
Бұ жұрттың дәсерлеген.
Кермек дәмін татқанмен қу тірліктің,
Болмашы бір
Келемін әсерменен.
Қуанышым, сол менің –
Болашағым,
Көріпкелдік көзбенен бал ашамын.
Жұбайымсың, Зере, сен –
Ақыреттік,
Түсірмеспін жаныңа нала шаңын.
Көрінеді көбіне
Көмескі ісім,
Жақсылықты жасырма,
Ел естісін.
Сен шынымен болашақ Ұлы Абайдың,
Қарқарадай әжесі
Емеспісің?..


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері