Ясли — бесік үй – Оразақын Асқар

Бұл бетте «Ясли — бесік үй» атты Оразақын Асқар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1865
Бақ ішінде көрнекті,
Биік үй бар тамаша.
Сырты ою-өрнекті,
Көз тартады қараса.

Ата-анамен қоштасып,
Күнде күліп қаламыз.
Көп сәбимен достасып,
Би билеп, ән саламыз.

Бұл үйге мен әр күні
Сәлем берем иіле,
Кешке осы үй арқылы
Қайтады жұрт үйіне.

Талай сәби ер жеткен
Бұл үй – құтты ясли.
Бәрімізді тербеткен
Алтын ұя – бесік үй.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ясли — бесік үй өлеңінің авторы кім?

Оразақын Асқар — осы өлеңнің авторы.

Ясли — бесік үй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ясли — бесік үй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оразақын Асқар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ясли — бесік үй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері