Өлең, жыр, ақындар

Көгершіннің баласы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3737
Терезенің алдына
Көгершінге шаштық жем.
Біздің Ләйла барды да
Қуды оларды шетінен.

Сұрап едік шақырып:
– Тиісесің несін? – деп.
Айтты бізге ақырын:
– Балалары жесін, – деп.

Тағы үркітті, қарашы,
– Қой? – десек, бір болмайды.
– Қайсы? – десек, – баласы?
Көрсетеді торғайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көгершіннің баласы өлеңінің авторы кім?

Оразақын Асқар — осы өлеңнің авторы.

Көгершіннің баласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көгершіннің баласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оразақын Асқар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көгершіннің баласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері