Періште – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Періште» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Алып кетші көгіңе жерден мені,
Жалықтырды жаһанның сергелдеңі.
Кеңістіктің лебі ыстық керімсалы
Емдер ме еді
Мендей бір шермендені?..
Қайда барам қара үзіп сенделгенде?
Періштеге айналмас пенде өлгенде...
Қарашығым айналып қара түнге,
Қалғып кетіп жүрмейін сен келгенде.
Алып кетші көгіңе ертең, бүгін...
Еркім,
Сертім өзіңде, еркем, гүлім.
Көз ұшынан көшейін көкжиекке,
Көл түбіне батқандай желкенді Күн...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Періште өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Періште өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Періште өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Періште өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері