Жаңбырлар

Бұл бетте «Жаңбырлар» атты Тойлыбай Айнұр жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тереземді көп ұрмаңдар, жаңбырлар,
Сендерге де айтпайтын бір қайғым бар.
Тасырлатып құпиямның әлемін
Бүлдірдіңдер, тынштықты жойдыңдар.

Әй, жаңбырлар, жаңбырлар,
Басылмадың, мазамды әбден алдыңдар.
Көңіліме тамып түсіп бір тамшы
Арманыма әдемі күй салдыңдар.


Пікірлер (3)

rizamaney

Айнұржан. Өлеңіңе, суреткерлік шеберлігіңе тағы тəнті еттің. Таңғалам! Құдай-ау, мұндай талантты əркімге бере бермейсің ғой?!

makpalrakhatkyzy

Суретшілік қабілет керемет  .Алайда,мен мынаны түсінбедім тамшының ұрғанын  бірде  жақсы деп,ал бірде ұрмаңдар да ұрмаңдар  деп жатсыз ? 

nurka

Ақырғы екі тармағына назар салсаңыз, түсінерсіз...

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырлар өлеңінің авторы кім?

Тойлыбай Айнұр — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбырлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тойлыбай Айнұр өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері