Ата жырау – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ата жырау» атты Ғафу Қайырбеков жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4079
Сонау бір Абылай-замен алыстағы,
Қазақтың қасқа маңдай данышпаны.
Ханы да, батыры да бас шұлғыған
Адамның алтын жалды Арыстаны.
Есіме Бұхар түссе, таңдай қағам,
Дүниеге келген-ау деп мұндай да адам.
Зар болған бір сөзіне өткізе алмай
Байың да бар дәулетін мыңды айдаған.
Бұхардай буып-түйіп айта алар ма
Бір сөзін бүкіл ру тайпаларға,
Тоқтаған қашқан керей, босқан арғын,
Жүре алмай Қыпшақ жүгін тартқан арба.
Түстікте Үйсін-аға, батыста Әлім -
Сөзімен шешкен түйіп шатысқанын,
Жүгінткен Абылайдың алдына әкеп,
Тоқтатқан ағайынның айтыстарын.
Төккенде жыр маржанын түйдек-түйдек,
Жүк болар тарта алмайтын атан сүйреп.
Қазақта қасиет сөздің қазынасы,-
Бұхардай бұл тарихта адам сирек!
Бұл күнде үш жүз жылда жиырма беске
Толғанда, түсер ғасыр ғүмыр еске.
Қазақтың қандай халық болғандығын
Сол Бұхар дәлелдеген - Ұлы емес пе?
Не айтайын Бұхар десе, бұдан басқа,
Бір сөзім бермейтұғын бір алмасқа,-
Тілеймін - тағы да бір Бұхар тусын,
Тағы да ақыл айтар алты алашқа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата жырау өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ата жырау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ата жырау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ата жырау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері