Нұрлы таңның жыршысына сәлем! – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Нұрлы таңның жыршысына сәлем!» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2157
Ән шырқаса Алатау бөктерінен
Бозторғайдай биікке көтерілген.
Сәлем саған, даланың қарт бұлбұлы,
Халқыңнан қадіріңе жете білген.
Сәлем саған туған жер кеудесінен,
Орал менен Алтайға кең көсілген
Бұлағынан, өзен, көл, дариясынан
Таңдайыңа бал құйып сені өсірген.
Сәлем саған бау-бақша саялардан,
Сен шырқасаң жапырағын жая қалған.
Сәлем саған даланың гүлдерінен
Бар жұпарын өзіңнен аямаған.
Сәлем саған туған жер аспанынан,
Жаңғырығып әніңе қосқан мың ән.
Таң сәріден сенімен бірге шырқап
Тамылжытып жыр төккен құстарынан.
Сен қарайсың Жетпістің бесеуінен
Салыстырып бүгінді кешегімен.
Байыптайсың бай тұрмыс, жақсы өмірді
Міне бүгін ел түгіл, жер семірген.
Зарландырар, салдырар «елім-айға»,
Ол дәурен жоқ құл еткен сені байға,
Бүкіл елің алдыңа деп келіп тұр,
«Кенен деген өнердің кені қайда?!»
Ал бар болса, сонау бір нұрлы тамшы,
Төк кәнекей, әніңе тағы салшы,
Жетпіс беске жеңдірмес сол дауысты
Ойда егінші, тыңдасын қырда малшы.
Мың алақан жайылды. соған қонып,
Сайрап-сайрап жібер де, бір дем алшы!
Жетпіс беске жүз деген алыс па еді,
Елің саған жүзбен де таныс, — деді.
«Таңды оятқан жаршы құс, тәтті көмей
Бозторғайым!» деп сүйер халық сені.
Ұмыт болсын ескі күн таңғы түстей,
Кәрілікпен айқасып қал бітіспей,
Ұзақ сайрап, құйқылжып қанат қағып,
Туған жердің үстінде қалшы түспей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрлы таңның жыршысына сәлем! өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Нұрлы таңның жыршысына сәлем! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұрлы таңның жыршысына сәлем! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұрлы таңның жыршысына сәлем! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері