Тайырды тағы да еске алу – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Тайырды тағы да еске алу» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1523
Қойылды бір ат көшеге,
Шықты бір өлең кеше де, –
Осының бәрі –
«Бұл қалай?» - деген сұрақтың
Мағнасын, сірә, шеше ме?
Жар салар менің
Күнде бір дауыс кеудемде,
Қалмайды ол кейін
Түнде де түстер көргенде,
«Бұл қалай болды?» –
Деген сол сұрақ – қалмайды
Кеңсеге таңнан келгенде.
Тым шапшаң кету,
Байқатпай кету –
Ең соңғы рет
Жақсылық ету –
Осы ма?
Ендеше сонау сұрағын
неге қоймайды
Ең соңғы серік,
ең соңғы жігіт досына?!
...Тірінің жатыр
Созылып әлі жолы алда.
Әлгі бір сұрақ –
Орыны сірә толар ма?
Ақырғы оның
Тірлікті қимас дауысын,
Жүрегім ұзақ ұстап та
қалған болар ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тайырды тағы да еске алу өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Тайырды тағы да еске алу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тайырды тағы да еске алу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тайырды тағы да еске алу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері