Қала қақпасы – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қала қақпасы» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1474
Қаланың күтіп қақпасын
Тұратын халық шұбалып.
Жадағай көпір тақтасын
Олжалап қашып, су алып.
«Оп-оңай менен өтпес, — деп,
Жолаушы келсе шалғайдан!»
Төменде Тобыл кес-кестеп,
Биікте қала шалқайған.
Сан машина заулаған
Көрем қазір көпірді.
Екі иықты жалғаған
Мойын омыртқа секілді.
Мың тарау жолды қолына ап,
Кеңейтіп пейіл, тынысын.
Қостанай тұр қабылдап
Қойнындағы ырысын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қала қақпасы өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қала қақпасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қала қақпасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қала қақпасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері