Сұмдық оқиға – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Сұмдық оқиға» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1500
(Бүгiнгi күннiң ертегiсi)

Болды сұмдық оқиға,
Расында,
Естiген соң шыдап сен
Тұрасың ба?
Көршi ауылда биылғы
Оқу жылы
Қалып қойған бiр бала
Класында.
«Сұмдық екен, мұнысы,
Барайын мен,
Сəтi түссе тiлдесiп
Қалайын мен.
Көптен берi көрген де,
Бiлген де емен,
Қалып қойған класта
Баланы мен...»
Елге хабар тез тарап
Кеткен екен,
Желөкпенiң бiразы
Жеткен екен.
Көруге оны кезекке
Тұрып жатыр:
«Бұл бiр сұмдық оқиға
Неткен?» – деген.
Мұндай бала екiншi
Таба алар ма,
Таңсық көрiп келдi көп
Балалар да.
Биыл бармақ оқуға
Кенжелерiн
Қорқытпаққа əкептi
Аналар да.
Дəрiгерлер аспабын
Жатыр қойып,
Тексермекшi ретi
Ақыл-ойын.
Əлгi оқушы үйiнен
Шықпай отыр,
Бүкiл ауыл түсiрген
Абыройын.
Адамдай-ақ кəдiмгi
Есi бардай,
Ол баланың ұялған
Несiн алған?..
Бəрiмiздi əуре етiп,
Дүрлiктiрiп,
Класына келесi
Көшiп алмай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұмдық оқиға өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Сұмдық оқиға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұмдық оқиға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұмдық оқиға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері