Дүниеден махаббаттың көшкені ме – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Дүниеден махаббаттың көшкені ме» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 1
  • 7063
Дүниеден махаббаттың көшкені ме,
әлде бір жұмақ ғалам көкседі ме?
Нәр-сезім мені өлтірмей қуат берген
таңданам қазір мүлде өшкеніне…
Ерекше ықыласты ем дос-теңіме,
ұқсаушы ек домбыраның, қос шегіне.
Көргім жоқ ешкімді енді, ештеңені –
махаббат жер аумаса өстеді ме?
Көрмесең, уақыт тоқтап, күн өтпеген,
көрінсе, аттай тулап жүрек, денең…
Қалықтап бір ғажайып әлемдерде…
жанымды сол сезіммен түлеткен ем,
Нәзік ем, ғажап еді ғасыр, ғалам.
Ал, бүгін біреулерге ашуланам,
өкпелеп әлдекімге зілденемін…
Өзіңе көңіл толмау, ашынған ән.
Жалынсыз суық. Сұрғылт көрген күнім,
бұл күйді естілсе ғой емдер бір үн.
Жанымнан ғашық сезім көшкен болса,
менің де өлгендігім.


Пікірлер (1)

Айко

Негизи Фариза апамыздын барлык олендери терен магыналы. Мен барлык олендерин катты жаксы коремин.❤❤❤

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері