Іздеу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Іздеу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 5669
Сенімен кездеспегелі,
сезе алмай мен де ештеңені,
жолығып қаламын ба деп,
қараймын жанарымды егеп
сен бе деп адамның бәрін,
жетер ме саған мұңды әнім,
қай жаққа жоғалдың, жаным?
Өзіңді мен көрмегелі,
көңілім-бұлт сергелдеңде еді.
Үзілмей күдерім менің,
іздейді жүрегім де емін.
Көрсем деп тіледім керім,
таппады жаным бір тыным,
мәңгілік сағындыр, күнім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері