Қайғы емес – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қайғы емес» атты Исраил Сапарбай жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 713
Қайғы емес,
Жанды жейді жəй ғана мұң,
Қалайша тəрк етпекпін Лəйла бағын?..
Қаусырып бара жатыр қапас дүние,
Таусылып бара жатыр айла-амалым.
Пақырға қайдан ашсын Ай қабағын?
Тақырда тағалы аттай тайғанадым.
Оза алмай босағадан...
Бордай босап,
Шығарып саласың-ау, қайран, əнім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері