Жазғытұрым – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жазғытұрым» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1707
Жазғытұрым, жайнап тағы келдің сен,
Тіршіліктің неткен ғажап белгісі ең!
Дегізесің дерттен дене босатып,
«Жер бетінде ұзақ жасап, көп жүрсем!»
Бәрі балғын, бәрі жаңа жан-жағың
Сезінбейсің ешбір жүктің салмағын.
Бойың сергек, ойың ұшқыр, қиял тез,
Өз еркіңде не қиялға бармағың.
Ауа-жұпар жас баланың исіндей,
Қалай жаның тұрар шыдап сүйсінбей.
Сиқыр санат алып сені ұшқандай
Көңіліңді әсте төмен түсірмей.
Жазғытұрым, жақсы-ақ едің сен неткен
Гүл бесікте тіршілікті тербеткен.
Жел сыбырлап, күн күркіреп оятып,
Әр сәбиің ә дегенше ер жеткен.
Жасарта бер, жаңарта бер, туғызып,
Жығылғанды аяғынан тұрғызып.
Сендей жомарт, жарылқағыш, көгерткіш
Біздің де алда келе жатыр күн қызық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғытұрым өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жазғытұрым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғытұрым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғытұрым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері