Сәкен әні – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Сәкен әні» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2790
Сейфолла Оспановты еске алу

«Келемін тау ішінде өлеңдетіп,
Аймақты тебірентіп, елеңдетіп»,—
Осы әнге шырқаушы еді бір азамат,
Қалушы ед қайран көңіл көкке жетіп!
Ұлытау, Ортау, Ақтау, Қарқаралы,
Арқаның шалқушы еді шартарабы.
Аулыңның есуші еді ақ самалы,
Арудың елестейтін ақ тамағы.
Айтатын: «ағам салған ән еді-ау!» — деп,
Көңілдің көк жайлауы - сән еді-ау! — деп
Тіршілік — бір ақбоз ат ойнақтаған,
Ойлама күнде астымда бар еді-ау! — деп.
«Қалайық шауып, желіп, қанаттанып,
Мәз болмай ұйықтағанға, тамақтанып» —
Деуші еді, арғымақтай жігіт еді,
Кетер деп кім ойлаған о да аттанып!
Еседі Сәкен әні ер күшіңдей,
Асылдың арғысы мен бергісіндей.
Алдағы ардақтаған арманыңдай,
Арттағы сағыныштың белгісінде


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәкен әні өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сәкен әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәкен әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәкен әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері