Клара жеңгейге арналған жыр

Бұл бетте «Клара жеңгейге арналған жыр» атты Несіпбек Айтұлы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жігіттің адал болса асыл жары –
Бақыты маңдайының ашылғаны.
Мінеки, елу жылға жуықтады,
Жарқырап екі жақсы қосылғалы.
Қос жақсы тартып туған негізіне,
Ұқсайды бір ананың егізіне.
Қаршадай күндерінен қол ұстасып,
Өмірдің қайық салды теңізіне.
Ғашықтар татса-­дағы қара судан,
Табады тәтті ләззат жарасудан.
Шайқалтпай шаңырағын нық ұстады,
Жылдардың толқынында аласұрған.
Жеңгеміз Клараны кім білмейді,
Ән салса, тыңдағандар бұлбұл дейді.
Бәйек боп ағайынға келген­-кеткен,
Ағаның артық-кемін білдірмейді.
Келін боп аттағалы босағаны,
Кісіден дастарханы босамады.
«Еркеш» деп еркелетіп келе жатыр,
Азуы алты қарыс осы ағаны.
Жеңгеміз қадірлі адам жұртқа осындай,
Ұстара барда тұрмас мұрт басылмай.
Өнерде Қобыланды болса Ерағам,
Баптаған Тайбурылын Құртқасындай.
Асырып абыройын Ерағамның,
Қасынан аулақ жүрген қабағанның.
Қалдырып көрген емес көңілін бір,
Қазақта сыйласуға жарағанның.
Өмірден көшті қанша ұлы ағалар,
Ерағам сағынғанда жылап алар.
Дәм татқан өз қолынан жеңгеміздің,
Ғабиттей қасиетті ғұламалар.
Киелі ағалардан үлгі көрген,
Кісімсіп бөлінбеген бір күн елден.
Ұрпағын жас бұтақтай жамыратып,
Құдайым қызды берген, ұлды берген.
Бар болса кеуде қағып тасымаған,
Жоқ болса жерге қарап жасымаған.
Алланың бергеніне тәубә қылып,
Ұл-қызын қанағатпен асыраған.
Алдынан кесе өтпейді айналасы,
Сыйлайды қайыны да, қайынағасы.
Салады алақанға Ерағамды,
Секілді кейде жары, кейде анасы.
Қазақтың Еркеғали – Ерағасы,
Бұл күнде Клара да – ел анасы!
Шолтаңдап жүрген талай шолақ байтал,
Кетпей ме жеңгемізден садағасы?
Жігіттің көңілі толса алған жарға,
Ешқашан өкпесі жоқ бұл жалғанға.
Қазақта таңдап жүріп тектіні алған,
Ұлында Рахмадидің арман бар ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Клара жеңгейге арналған жыр өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Клара жеңгейге арналған жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Клара жеңгейге арналған жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Клара жеңгейге арналған жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері