Секітас – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Секітас» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 803
О, Секітас, алауланып өр төсің,
Таң сүйгенде көлеңкеңді серпесің.
Құбылады құба тартқан жондарың,
Жамылып ап күзгі күміс көрпесін.
Секітасым, бетегелі, қияқты,
Бауырыңда баураған мың тұяқты.
Түбегіңде дөңгеленген әр жұртым
Тастам кеткен естелігім сияқты.
Бөктеріңде өр бұлағың тулаған,
Өткенімде ерекше бір тыңдап ән.
Секітасым – жазық маңдай жайлауым,
Кеткенімде мөлтең қағып тұр маған.

1967


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Секітас өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Секітас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Секітас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Секітас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері