Тамырлар – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Тамырлар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 698
О, тамырлар!
Тереңдерге тармақ-тармақ жол салып,
Тереңдерден салмақ тартып соншалық,
Балбыратып Жер-ананың денесін,
Бар мәйегін,
Бар уызын емесің.
Қақыратып топырақтың көбесін,
Өркен жайып өнесің!
Құдіретіңе пар келмейді сендердің
Жұлқынысы
Таулардағы селдердің,
Бұлқынысы
Теңіздегі сеңдердің.
Қылдан нәзік талшықтардың бойынан
Ұлан-ғайыр ұлы күшті мен көрдім!
Тұңғиықта бұғып жатқан тамырлар,
Сендердегі тебіреніске таңым бар.
Балқытатын,
Шалқытатын жер бетін,
Бойларыңда лапылдаған жалын бар.
Тәлкегіне көніп қилы тағдырдың,
Аптаптарда өзегіңді талдырдың.
Еріндерің кеберсіді шөліркеп,
Таңдай тосып көз жасына жаңбырдың.
Ей, тамырлар!
Тарамыстай тармағың
Көтеріп тұр миллион жылдар салмағын.
Сенің балғын сабағыңа не жетсін
Тіршіліктің бойға жиған бар нәрін!..
Көктеп-өніп қаншама үміт, қанша арман,
Көктем сайын күн нұрына тамсанған,
Сендер жайлы жатқандай бір жыр толғап,
Көк ормандар күндіз-түні ән салған.
О, тамырлар!
Тереңдерде жатып-ақ,
Байқайсыңдар дүниені бақылап.
Байқай алмас айналасын кей кезде
Жел тербеген,
Селтеңдеген жапырақ...
Жалт-жұлт етіп жүзінде ойнап нұр жалын,
Жасыл бұтақ сызылтатын сырлы әнін,
Анда-санда есіне алса болғаны
Тамырлардан өсіп-өніп тұрғанын...

1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамырлар өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Тамырлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамырлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамырлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері