Бас – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Бас» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1073
Эрмитаждың түкпірінде хан басы,
Жарылқасын жалғыз ғана Алласы.
Ақ сүйекте ап­айқын боп тұр білем,
Қырғыздардың қылышының таңбасы.
Тұқым қуған сатқындыққа таңғалам,
Мәңгі тірі жаны сірі оңбаған.
Намыстанам, қапаланам, қорланам,
Сүйегіме түскен сол бір таңбадан.
Көндік талай тонауға да талауға,
Бостандығым желбірейді жалауда.
Именемін көтеруге кеудемді,
Ханның басы жатқан кезде қамауда...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бас өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Бас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері