Ұшып келем

Бұл бетте «Ұшып келем» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1153
Замананың салмағы жауырында,
Көтеремін жеңілін, ауырын да.
Бір ғасырдың өрті жүр қанатымда,
Бір ғасырдың дерті жүр бауырымда.
Ұршығында айналып от пен желдің,
Ортасында ұйтқимын көк пен жердің.
Өмір деген – тізбегі, байқап тұрсам,
Арпалысқан алапат өткелдердің.
Қанатымды маздаған дауыл үрлеп,
Әлсін­әлсін шарпиды бауырымды от.
Кең аспанның астында ұшып келем,
Табан тіреп тоқтайтын ауылым жоқ.
Жоғалар деп, Жер­ана, алаңдама,
Сүйегімді тапсырам саған ғана.
Жер пендесін жатырқап көкте жүрсем,
Алдаспаны аспанның, жалаңдама!
Көкте жүрмін дегенім әлде өтірік,
Қалықтадым қиялмен сәл көпіріп.
Қыран көңіл пенденің әдеті ғой,
Медет тұтар аспанды жерде тұрып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшып келем өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұшып келем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшып келем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшып келем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері