Байтақ жерім – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Байтақ жерім» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сауыр, Сайхан сауырында
Кіндігімнің байлауы бар.
Тарбағатай бауырында
Бірлігімнің қаймағы бар.
Катоным мен Нарынымда
Қарағайлы аймағым бар.
Самал ескен Самарымда
Жазиралы жайлауым бар.

Арыстарым туып-өскен
Өскеменім жайсаң жерім.
Адал еңбек туын көштен
Қалдырмаған қайсар елім.
Таңғы арай нұрын сепкен
Таулы Үлбім - айбар елім.
Шеманайдың нуын кешкен
Абыздарым - жайдары елім.

Марқа, Күршім сағым тұнған
Мөлдірімен мақтанамын.
Сырлы жандар сағындырған
Алтайыма аттанамын.
Шабыттанып жалын жырдан
Ұланыммен шаттанамын.
Жаратылған алтын нұрдан
Шығысымнан бақ табамын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері