Ақсұңқар /2-нұсқа/ – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақсұңқар /2-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4359
Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсін ажарлымның.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қандай едің,
Құрбының өзін теңдес маңдайы едің.
Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта,
Қол жеткен мұрадыма жандай едім.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қасың керік,
Мал болсаң алар едім бәсін беріп.
Мен саған басы байлы бол демеймін,
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері