Бұл бетте «Ақсұңқар /1-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсін ажарлымның.
Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.
Қарағым, айналайын, қасың керік,
Мал болсаң алар едім бәсің беріп.
Мен саған басыбайлы бол демеймін,
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.
Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.
Құдаша, құрамын тор жолыңызға,
Ақ құс боп қонар болсаң қолымызға.
Ақ құстың бәрі бірдей бола бермес,
Қонбасын құладын құс сорымызға.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі