Қазақстан
Бұл бетте «Қазақстан» атты Ерлан Ахмет жазған отан туралы өлең берілген.
Самғаған қыраны көгімнің -
Азаттық айнасы елімнің.
Алтын күн нұрынан нәр алған
Дәулеті тасыған жерімнің.
Бабалар арманы,
Ұрпақтар қорғаны,
Жайнасын жалауың, Қазақстан!
Бақыттың Отаны,
Шаттықтың отауы,
Сөнбесін алауың, Қазақстан!
Ғасырлар жасаған сақ-далам
Даналар мұрасын сақтаған.
Айбынды, жалынды жастарың
Перзенттік парызын ақтаған.
Ардақтың жайылған желкені,
Бірліктің байрақты мекені.
Арысты, намысты болашақ
Өзіңді мақтаныш етеді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі