Ана тілім – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ана тілім» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 8
  • 21282
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңінен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның?
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем?
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім,
Егер сені ұмытсам.
Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,
Ақыл-ойым, айбатым – сен, күшім – сен!
Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ,
Ана тілім,
Арыңа дақ түсірсем.
Ағытатын тасқын ойдың тиегін,
Өзің ғана сыйынатын киелім!
Ризамын – отқа жанып сен үшін,
Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім,
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

1985


Пікірлер (8)

Ирада

Оте керемет

Алинұр

Алинұр

Есен

Өте керемет

Жакипбек

Өте керемет

Жания

Өте керемет өлең мəнерлеп оқуға айтып 2 орын алдым

Жжжжж

Жақсы өлең ????????

Макс

Керемеет

Нұрбақыт

Күшті өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана тілім өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ана тілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана тілім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ана тілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері