Сағынамын достарды

Бұл бетте «Сағынамын достарды» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2373
(ән)

Жетім байғұс — жеке гүл,
Қол батырмас қос терек,
Болмаған соң екі өмір,
Бір өмірге дос керек.
Сағынамын достарды
Сағынғандай күн көзін,
Сағынғандай аспанды
Оның мөлдір күмбезін.
Сағынамын достарды
Сағынғандай көктемді,
Сәукелелі жас талды,
Сағым көшкен бөктерді.
Сағынамын достарды
Көл сағынған бұлақтай,
Сағынамын достарды
Жел сағынған құрақтай.
Сағынамын достарды
Татулық пен бірліктей,
Сағынамын достарды
Мәңгі тәтті тірліктей.
Жетім байғұс — жеке гүл,
Қол батырмас қос терек,
Болмаған соң екі өмір,
Бір өмірге дос керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынамын достарды өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сағынамын достарды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағынамын достарды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынамын достарды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері