Достар-ай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Достар-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3562
Әнін жазған Кеңес Дүйсекеев

Қайдасыңдар достар-ай?
Жүремін жалғыз бос қалай?
Сағынып жүрмін сол кезді,
Қу тіршілік көңілімді қоштамай.
Бас қосыла қалғанда,
Айтылмай сырлар қалған ба?
Оралып қайта келер ме,
Сол бір күндер мына қысқа жалғанда!?

Қайырмасы:
Аңсаған армандар қаншама,
Айналды қиялға,
Бұл әлем қанша кең болса да,
Сендерсіз сиям ба?

Көкте үнсіз көшкен ай,
Кеудем менің бос сарай,
Сағындым ғой,
Сағым болған достар-ай.
Достарым-ай ақ маңдай,
Аққулар қанат қаққандай,
Жүздерің жарқын елес қой,
Көк аспанда қалқып бара жатқандай

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достар-ай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Достар-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достар-ай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достар-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері