Жылқы жылы

Бұл бетте «Жылқы жылы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5052
Жылқы жылы келіпті,
Жануар ғой көрікті.
Елімізге ерекше
Ыстық сәлем беріп тұр.
Болуымыз бір тілді,
Болуымыз бір дінді,
Асыл малдың арқасы –
Ардақтай біл жылқыңды.
Қызылжар мен Түркістан,
Батыс пенен Шығыстан
Шыққан қарт пен жастары
Бір-ақ тілде ұғысқан.
Қанаты талып сұңқардың,
Шақырымдар шырқар мың,
Қарға адымдай көрінген
Арқасында тұлпардың.
Оңтүстік пен Терістен
Ат арытып келіскен
Алты Алашты арыстар
Құшақтасып көріскен.
Құшақтасып көріскен,
Әңгімесі келіскен.
Құдай қосқан құда боп,
Қыз алып, қыз беріскен.
Бірін-бірі жақтаған,
Бірін-бірі мақтаған.
Ұлан байтақ жерінің
Тұтастығын сақтаған.
Жылдары да Ақтабан,
Ерлер тұлпар баптаған.
Қарсы шапқан қаймықпай
Қалмақтарға қаптаған.
Қазағымның қалқасы,
Алтын орда Арқасы –
Асқақтаса Астана,
Тұлпарлардың арқасы.
Тектен-текке бұл күнің
Келмегенін біл, күнім.
Тәуелсіздік жолында
Үлесі зор жылқының.
Жүйткіп жүйрік жылқымыз,
Күндей күліп күлкіміз,
Жасай берсін жайраңдап,
Қалың қазақ жұртымыз.
Желдей есіп қағатын,
Жылқы – ердің қанаты.
Қазақ жері – жылқының
Жерұйықты жаннаты.
Жылқы – елдің жыр-әні,
Жылқы – ердің пырағы.
Жана берсін жарқырап
Қазағымның шырағы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылқы жылы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жылқы жылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылқы жылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылқы жылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері