Шай туралы жыр – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шай туралы жыр» атты Тәкен Әлімқұлов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 3572
Қаймақ құйған қара шай көңіл ашар,
Қанғанда оған өр адам бір-бір жасар.
Төркіні бар шайдың да жезде сынар,
Жолама сен, жүрегің болса нашар.
Білемін мен ежелдеи үрдіс жайын –
Кавказ шайын, қытай мен үнді шайын.
Қара шайдан тәбетті тойтара алмай,
Сақарада шонжардың сойған тайын!
Байқұс әжем қайнатып, ішсе шай-шөп,
Тау тарыдан бұйырған оған мәй-сөк.
Сонда да әжем шонжардан көп жасаған,
Қызық екен дүние, ойлап көрсек!
Шай-шөп енді – фәміл шай көңіл ашар,
Сағынғанда әр пенде мауқын басар.
Фәміл шайдан дүмбірлер ішкі сарай,
Кекірігі азса, кей жақсы сұқбаттасар.
Сұқбатта емес, еңбекте – менің ісім,
Мен ішемін шайды ащы шабыт үшін.
Қоя жұтса қашпайтын қаршығадай,
Шыр байланбас ішіне мен бір құсың!
Көкірекке шапақша шай тараған,
Мен талғаман, келді шай қайсы арадан.
Таңырқаймын бүгінгі кей жақсыға,
Бата сұрап, шайдан соң, жайса алақан!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шай туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Шай туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шай туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шай туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері