Алмаға – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Алмаға» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 811
«Әлімқүлиха» деймін мен еркелетіп,
Көргенім жоқ еркеме әсте зекіп.
Кім екенін әкеңнің білерсің соң,
Оқығанда өлеңін сен ержетіп.
Көз алдыңда өтті бір менің тойым,
Көрінді ме ол, кім білсін, саған ойын.
Екінші той болар ма көзім жетпес,
Келем қумай мен атақ өмір бойы.
Көрсем сенің тойыңды – бір тілегім,
Жан пида етер перзентке ғұрпым менің.
Шыбық емес қондырған бөтен жерге,
Сені өсірген тамырлы бәйтерегің!
Болса үйде дүрдараз мұңаясың,
Айтуға сен себебін ұяласың.
Мен қарлығаш аузымен жем тасыған,
Оңайлықпен қияды кім ұясын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алмаға өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Алмаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алмаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алмаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері